Алматыда алғаш рет скейт-парк ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Скейт алаңы Орталық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан. 600 шаршы метр болатын алаңда спортшыларға арналған түрлі фигура бар.

Құрылыс кезінде алаңға тәжірибелі скейтборшылар шақырылды. Олар алаңды салу жұмыстары кезінде өз кеңестерін берді.
"Қалада 500 скейтер бар. Олар 10-30 жас аралығында. Жыл сайын скейтбордшылар саны өсіп келе жатыр. Алматыда мұндай алаң жоқ. Медеу, Астана алаңдарындағы жүргіншілерге арналған жолдар спортшыларға кедергі келтіреді", - деді "Рафтинг" тобының өкілі Екатерина Грибановская.
Жобаның мақсаты - жастарды қолдау, жастар спортын қолдау, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Ұйымдастырушылар спортшылардың алаңда жыл бойы спортпен айналысуы үшін жабық ететінін де абарлады.
Айта кетейік, спортшылар алаңға жақсы баға берді.
© Владимир Прокопенко