Алматыда Аяз Аталардың үлкен шеруі өтті, оған мыңнан астам адам қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шеру Абай даңғылындағы қалалық цирк ғимаратынан Сәтпаев және Тілендиев көшелерінің қиылысындағы сауда - ойын-сауық орталығына дейін жүріп өтті. Флешмобқа жоспарланғаннан да көп адам қатысты.

Шеруге қатысушылар жол-жөнекей кездескен адамдарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ән айтты. Көшедегі адамдар болса, оларды ұялы телефондарына түсіріп алып жатты. Марш аяқталғаннан кейін шеруге қатысушылар арасында би флешмобы болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар бұл шараға жарты жылдан артық уақыт дайындалған. "Шараға кез келген адам қатыса алды. Біз біреулерге қолайсыздық келтірмедік деп үміттенемін. Біз тек қала тұрғындарының мерекелік көңіл-күйін арттырғымыз келді. Аяз Аталар шеруіне қатысқандардың бәріне сыйлық беріледі", - деді ұйымдастырушылардың бірі Зарина Әшімова.
Аяз Аталар шеруі - өткен ғасырдың басынан бері әлемде жыл сайын тойланатын дәстүрлі мерекелік шара. Қазақстанда да мұндай флешмобтар бірінші рет ұйымдастырылып отырған жоқ.