Алматы облысының тұрғыны полицей формасына ұқсас киімдегі жүргізушінің қауіпсіздік белбеуін тақпай отырғанаын видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ролик авторы ескерту жасағаннан кейін құқық қорғау органының қызметкері белбеуді тағады.

"Рөлде отырған полицей. Белбеу тақпаған. Полицей мырза! Неге белбеу тақпай отырсыз?", - деп сұрақ қойды ер адам. Осы сұрақтан кейін жүргізуші бірден белбеуді тағады.
Ролик авторы өз кезегінде полицейге бұл әрекеті үшін алғыс айтты. Сонымен бірге, ол полицейдің белбеу тақпай рөлде отырғанына наразылығын білдірді. "Мәселен мен тақпай отырайын, маған айыппұл салады", - дейді ол.