03 ақпан 2017 | 15:21

Алматыда жігіттің неліктен көшеде ақша таратқаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Алматыда көше ортасында тұрып, адамдарға ақша таратқан жігіт туралы біраз мәлімет белгілі болды. Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Ұлттық ұлан өкілдерінің айтуынша, 21 жастағы жігіт Солтүстік Қазақстан облысының тумасы.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда көше ортасында тұрып, адамдарға ақша таратқан жігіт туралы біраз мәлімет белгілі болды. Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Ұлттық ұлан өкілдерінің айтуынша, 21 жастағы жігіт Солтүстік Қазақстан облысының тумасы.

Мұның алдында Instagram. желісінің ztb_video акаунтында қызықты науқан туралы видео жарияланған болатын. Денесіне ақша жапсырып алған жігіт адамдарға қажет болса үстіндегі ақшаны алуды ұсынған. 

"Оқиға 28 қаңтарда болған. Сағат кешкі алтыда Алматының Медеу ауданындағы Гоголь мен Пушкин көшелерінің қиылысында. Біздің әскери жасаққа адамдар келіп, үгіт-насихат жазылған плакат ұстап тұрған жігіттер мен қызды көрсетті. Әскери жасақ олардың кім екенін анықтап, қоғамдық тәртіпті бұзып тұрғаны жайлы ескерту айтты", - дейді Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің жетекшісі Қуаныш Қожахметов. 

"Төрт адам болды - үш жігіт пен бір қыз. Айтуларына қарағанда адамдардың назарын аударғысы келген", - деп нақтылады Ұлттық ұлан өкілдері. 

Ескерту айтылғаннан кейін олар істерін тоқтатып, кетіп қалған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети