Алматы күніне орай 50-ге жуық мерекелік шара өтеді. Биыл мерекенің өткізілу ауқымы кеңейді. Қала тұрғындары мен қонақтарын театр қойылымдары, әдеби, музыкалық және спорттық шаралар күтіп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мәдениет басқармасына сілтеме жасап.

Мерекені 25-27 тамыз күндері Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында "Оркестрлер шеруі" ресми түрде ашады. Одан кейін Artbat Fest заманауи мәдениет фестивалі басталады. Ерекше шаралардың ішінде "Қарбыз фестивалі" де бар. Ол 29 тамызда Қазақ ұлттық музыкалық аспаптар мұражайында өтеді. Алматы метросында түрлі концерттер болады, сонымен қатар Apple Qest өтеді. Бұл шараға қатысушылар кілттер арқылы Алматы мұражайы, метро станциялары мен саябақтардан, театрлардан жауап іздейді.
Жыл сайын өткізілетін шаралар қатарында "Алматы жүрегіме" ән фестивалі де бар. Мерекеге орай "Алтын қалам" әдебиет фестивалі, "Gakku Дауысы", ЕМА-2015 музыкалық фестивальдері, "Еуразия" кинофестивалі мен қуыршақтар карнавалы болады.