Алматының қар басқан көшелерімен көлікке байланған троссты ұстап алып, шаңғымен сырғананған жігіт жауапкершіліктен құтылды. Алайда, көлікті жүргізген адамға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

"Шаңғышыны жауапқа тартатын себеп жоқ. Ол қоғамдық тәртіпті бұзбады. Ал көлік жүргізушісі, 1991 жылы туған азаматқа, 91-баптың 1-тармағы бойынша жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 5 АЕК түрінде айыппұл салынды. Алматы көшелерімен осылай сноубордшы да жүріп өткен болатын, алайда, оның тұлғасы әлі анықталған жоқ", - дейді Әзірбек.
Еске салайық, Алматыда аномальды қар жауған күндері кей адамдар қала көшелерімен экстремалды тәсілмен жүріп өткен. Әлеуметтік желілерде құқық қорғау органдарының назарына түскен бірнеше видео орналастырылды.