Алматыда полицейлер күлкілі оқиғаға тап болды

17 Шілде 2017, 13:36
0
Алматыда полицейлер күлкілі оқиғаға тап болды - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Алматыда полицейлердің күлкілі оқиғаға тап болған сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Instagram желісіндегі ztb_video парақшасында қолданушылар "дөңгелекті ұстау" деп аталып кеткен видео жарияланды. Видеода дөңгелектің Сайын көшесімен солтүстік бағытта өздігінен дөңгелеп бара жатқаны түсірілген. 

Полицей дөңгелекті аяғымен тоқтатпақшы болған, алайда оның ойы іске аспайды. Осыдан кейін құқық қорғаушылар дөңгелекті қызметтік көлікпен қуып жеткен. Жолда бұл дөңгелектің қалай пайда болғаны әзірше белгісіз. Видео әлеуметтік желіде әзілге айналды.

"Біздің такси жүргізушілеріне қарағанда, дөңгелек өздігінен жақсы жүреді", - деп жазды қолданушылардың бірі. Соған қарамастан пікір қалдырушылардың арасынан дөңгелектің қауіп тудырғанын және полицейлердің әрекетіне күлмеуге шақырғандар да болды.  


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай