Алматыда 16-шы бағыттағы автобус жүргізушісі рөлде отырып, темекі шеккені және телефонмен сөйлескені үшін жұмыстан қуылады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Green Bus" ЖШС-ның директоры Бауыржан Кұлышев хабарлады. Жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушінің суретін оқырмандар жолдады.

Фото авторының айтуынша, жүргізуші аялдамада 20-30 минут кідіріп тұрған, одан кейін өзге автобустармен жарыса жөнелген. "Қалқаман" жақтан 16-шы автобусқа міндік. Алдымен әрбір аялдамада 15-20 минуттан тұрды. Барлық жолаушы наразылығын білдірді. Сосын "Сайран" маңында өзге автобуспен жарыса жөнелді. Жолаушылардың ескертуін құлағына ілген жоқ", - дейді оқырман.
Өз кезегінде Құлышев жүргізушінің жұмыстан шығарылатынын мәлімдеді. "Ертең шеттетеміз. Сәрсенбі тәртіптік кеңес кезінде жұмыстан шығарамыз", - деді ол.