12 тамыз 2017 | 18:38

Алматыда троллейбус жүргізушісі әжейді түсіріп тастап, әдепсіз қылық көрсеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда троллейбус жүргізушісі әжейді түсіріп тастап, әдепсіз қылық көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда троллейбус жүргізушісі әжейді түсіріп тастап, әдепсіз қылық көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылық Виктор Бондаренко троллейбус жүргізушісінің кезекті әдепсіз қылығына куә болғанын айтып берді. Оқиға, оның айтуынша, Абай даңғылындағы 25 бағытындағы троллейбуста болған.

"Орталық стадионда салонға бір әжей кіріп, алдыңғы орынға отырды. Жүргізуші зейнеткерлерге арналған тегін "Оңай" картасын қолдануды сұрады. Әжейдің картасы болмай шықты, үйінде тастап кеткенін айтып, жасы 81-де екенін куәландыратын құжатын көрсетті және тегін жүре алатынын айтты. Әжей жай ғана картасын ұмытып кетіпті. Мұнысына жүргізуші дөрекі жауап берді, түсіріп тастайнынын айтып, тиісе бастады, тіпті балағаттай бастады. Келесі аялдамада ол әжей шықпайынша жүрмейтінін айтты, әже басында шықпай отырған, түсіністік танытар деген, бірақ әйел қырсығып, троллейбустың сымын ағыта бастады. Осылайша 10 минуттай тұрдық, жұртшылық жүргізушінің әрекетіне наразы болды, бірақ ол одан бетер қырсығып, қалған жолаушыларға да дөрекілік көрсете бастады", - деп жазды Алматы тұрғыны Facebook желісінде. 


© Виктор Бондаренко/Facebook

Кейуана салоннан шығып кеткеннен кейін де жүргізуші, Виктор Бондаренконың айтуынша, жүрмей тұрып алған. 

"Әйелдің қырсығып тұрғанын біліп, әже троллейбустан шығып кетті, бірақ жүргізуші әйел айтқанына қайтап, жолаушыларға дөрекілік көрсетті, бір жаққа телефон соға бастады, компрессоры сынып қалғанын айтты. Жолаушыларды басқа троллейбусқа отырғызуға әрекет танытпады, ал менің ескертуіме әдепсіз қылық көрсетті және жақын арада жұмыстан өзі шығатынын айтып қалды", - деп жазды алматылық.

Өз кезегінде "Green Bus Company" ЖШС алматылық филиалының өкілдері жүргізушіге қатысты шара қолданылатынын айтты. 

"Жүргізуші жұмыстан шеттетілді. Тәртіптік кеңесте оған сөгіс жариялау немесе дұмыстан шығару туралы шешім қабылданады. Ол бұған дейін жұмыстан шығуға арыз жазбаған, біз ешкімді жұмыс істеуге мәжбүрлемейміз, қол қойып, бірден келісімшартты бұзамыз", - деді "Green Bus Company" ЖШС алматылық филиалының директоры Бауыржан Құлышев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети