Алматылық пранкер Нариман Камерденов бірнеше күн бұрын атап өтілген Хэллоуин мекересінің орай, көшедегілерді шошытты. Жігіттің бетіне "Ходячие мертвецы" фильміндегі құбыжықтар секілді зомби макияж жасалған. Осы түрімен ол кездейсоқ кездескен адамдарға жақындап, зәре-құтын қалдырмай шошытқан. Олардың әрекеті видеоға жасырын түрде түсірілген. Ролик пранкердің YouTube хостингіндегі арнасында пайда болды.

Ролик авторы Tengrinews.kz тілшісіне өзінің Шахтинск қаласының тумасы екенін, бірақ оңтүстік астанада тұратынын айтып берді. "Мен 24-темін. 2014 жылы ҚазҰУ-ды тәмамдадым, қазір жұмыс істеймін. Пранк жанрындағы видеоларды екі айдан бері түсіріп келемін. Бастапқыда Интернеттен америкалық және ресейлік пранкерлердің видеосын көріп, кейін қызығып кеттім. Осы тектес қазақстандық видеоларды іздедім. Бірнешеуін ғана таптым, олардың өзі сапасыз түсірілген. Содан Қазақстанда мұндай жағдайда адамдар қалай әрекет ететінін білгім келді, содан бері бұл менің сүйікті ісіме айналды", - деді ол.
Нариманның айтуынша, пранк түсіру тек хоббиі. "Уақытты қызықты өткізу деп білемін, себебі бұл іс маған шын мәнінде қызық. Роликтерім қолданушыларға ұнап жатса, танымал бола түссе, қуанышты боламын. Жасырмаймын. Осы салада дамуға да шабыт берер еді", - дейді жігіт.
Түсірілім тобымызда үш адам бар. Олардың ішінде менің қызым бар. Ол - оператор", - деді ол.
Нариманның басқа да видеолары: