Qazaq Titan атымен танымал 24 жастағы Алмат Жұманов ұшақ сүйреп Қазақстанның рекордтар кітабына енуге тырысты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Qazaq Titan атымен танымал 24 жастағы Алмат Жұманов ұшақ сүйреп Қазақстанның рекордтар кітабына енуге тырысты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, әуе кемесінің жалпы салмағы 16 тонна. Биіктігі: 8,4 метр. Жұманов мұны Тәуелсіздік 30 жылдығы мен Токио Олимпиадасының қатысушыларына арнаған. Дегенмен, спортшының сөзінше, бұл белесті бағындыруға көп уақыт жұмсамаған. Мұндай батыл шешімді осыдан 2 ай бұрын қабылдаған.
"Бұл жолы енді күшімді сынап көремін. Бұған енді көп дайындалған жоқпын, өйткені өзіме сенемін күшім бар деп. Бала кезден осындай спортқа жақын болғанмын ауыр темір көтеріп. Сондықтан, бұған аса көп дайындалған жоқпын. Мен қазір белмен тартып көрсем бе деп едім. Қолмен қиынырақ болады. Өйткені аяқта күштің бәрі қолда емес", - дейді Алмат Жұманов.
Алмат мұндай спортпен 10 жасынан бастап айналысқан. Бұған дейін наурызда 100 тонналық вагонды 8 жарым метрге дейін сүйреп Қазақстан Киннестер кітабына енген болатын. Мұнымен тоқтамай арқасына 300 келілік түйе салып, үш көлікті сүйреп ерекше адамдардың қатарына екінші рет енген. Бірақ бұл жолғы нәтиже рекордтар кітабына енуге жеткіліксіз болды.
"Біз ешқандай реттеу, өлшеу деген бізде болған жоқ. Ойлаймын біраз техникалық ақаулар болды рекордты толық жасауға. Бірақ та бұл біріншіден рекорд емес. Екіншіден, мұны тіркемейміз. Әлемдегі рекордтардың бәрі 10 метрден асқан ұшақтарды тартқан кезде. Сондықтан, біз одан төменін қарастыра алмаймыз", - деді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.
Алмат Жұмановтың бұл жолы 30 сантиметрге сүйреген. Жалпы, бұған дейін 16 тонналық ұшақты 30 метрге тарқан ресейлік атлет болған екен. Ол алдағы айда 65 тонналық әуе кемесін сүйреуге өтініш беріпті.
"Соңғысына күшім жетпей қалды. Жаңағы 1-2 мүмкіндікті күшім сонымен кетті. Тартқанымның өзі мен үшін результат. Өйткені, бұндайды тарту оңай емес", - деді Жұманов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!