Қазақстандық танымал Yvision.kz блог-платформасында Дана (Dana1992) есімді қолданушының блогы Желіде дау шығарды. Автор үйленген әрі бақуатты ер адамның тоқалы екенін ашық мойындайды. Алайда ол бұл ісіне еш ұялмайтынын жазады (Автор өзінің Алматыда тұрып жатқанын айтады).
Қазақстандық танымал Yvision.kz блог-платформасында Дана (Dana1992) есімді қолданушының блогы Желіде дау шығарды. Автор үйленген әрі бақуатты ер адамның тоқалы екенін ашық мойындайды. Алайда ол бұл ісіне еш ұялмайтынын жазады (Автор өзінің Алматыда тұрып жатқанын айтады).
"Алып бара жатқан себебі болмаса да күйеуіне қызмет ететін дәстүрлі отбасы құруға зауқым болмады. Менің қалайтыным - жеңіл әрі ешқандай жауапкершілігі жоқ қарым-қатынас. Шынымды айтайын, өзіммен жасты балалар мені жас кезімде ғана қызықтырған, сәл есейгеннен кейін әмияны бос жігіттерге қарағанда ересек ер адамдармен қарым-қатынас құру керек екенін түсіндім. Оның тәжірибесі де, ақылы да, әйелдермен сөйлесе алу қасиеті де, ақшасы да бар", - деп жазады Дана.
"Мен үйленген ер адамдарды арнайы іздеген жоқпын, алайда үйленген болса да сымбатты ер адамды көрсем, оған деген көңілімді білдіремін, іштей қиналып жүргенше осы жолды таңдаймын деп шештім. Солай болып шықты да", - дейді ол.
Кейін қыз елордадан Алматыға жұмыс сапарымен келіп тұратын ер адаммен танысуы және арадағы қарым-қатынасы жайлы жазған. "Түсінесіздер ме, оның Астанада үйі, балалары, қырсық әйелі бар, ал мұнда мейрамханаға ұялмай апаруға болатын еліктіретін қыз бар. Бірнеше жылдан бері менің жігітім екі әйелімен екі қалада өмір сүріп жатыр - өте ыңғайлы, бір-екі айда бір рет көремін, сондықтан кикілжіңдер жоқ. Кездесеміз, таныстарымен қыдырамыз, бизнесін талқылаймыз, өзінің жанұясы жайлы сөйлесеміз", - дейді автор.
Айтуынша, ер адамы "шіріген бай" болмаса да барлық жағынан қамтамасыз етіп отыр екен. "Әйелге тән қалауымның барлығын оңай-ақ аламын. Сөмке, туфли немесе одан да қымбатырақ затты ала аламын. Осы уақыттан бері көлік алдық, шетелге барып келдік. Оның көмегімен бір бөлмелі пәтерімді жаңадан салынған үйдегі пәтерге ауыстырдық. Әрине, жөндеуін де өзі көтерді. Оның тонналап сыйлап жатқан әшекей-бұйымдары жайлы айтудың өзі артық".
Қыз осылай әңгімелей отырып, аш әйел болудан тоқ тоқал болған артық екенін түсінгенін айтады. "Жастығыма егіліп енді жыламаймын. Мен жап-жас тоқалмын, ол - жомарт көкем. Барлығы көңілімнен шығады. Иә, мен де кейін бәйбіше боламын, бірақ бұл бақытсыз адамдардың айтатын сөзі. Мен сияқтылар тозақтың отында да құрымайды", - деп жазды ол сөз соңында.
Ал қолданушылар тоқалдың бұл мойындауына қатысты түрлі пікір айту үстінде. Біреулер ұрысып, қарғыс айтып жатса, тағы біреулері авторды ақтап шығып, шындықты айтқанына алғыс білдірді. Кейбіреулер бұл әңгімені ойдан құрылған деп есептейтінін айтты.