17 сәуір 2015 | 14:49

Алматылықтарды президент сайлауына роботтар шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Прокопенко © Владимир Прокопенко

Алматылықтарды президент сайлауына роботтар шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылықтарды президент сайлауына роботтар шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерекше акция Арбатта өтті. Екі роботты халықаралық ІТ Университетінің студенттері жасап шығарған. Роботты құрастырғандар оларға Шолпан және Арман деп ат қойыпты, олар өтіп бара жатқандарға алдағы сайлау туралы айтып берді. Осы кезде студенттер Segway-мен көше бойын аралап, сайлауға шақыру листовкаларын таратты. Айта кетейік, өтіп бара жатқан адамдар қызығушылық танытып, роботтарға жақын келді.

"Бүгін біз әкімдіктің қолдауымен алматылықтарды тағы бір мәрте таңғалдыруға шешім қабылдадық. Қаланың әр бөлігінде мобильдік топтар Segway-мен өтіп бара жатқандарға шақырту таратып жүр. Сонымен қатар, бұл акцияға роботтар белсенді араласты. Көріп тұрғандарыңыздай, алматылықтар таңғалысып, күлімдеп біздің Шолпан мен Арманнан шақыртуларды алып жатыр. Айтпақшы, таратылып жатқан шақыртуларда ардайы QR-код бар. Смартфоны бар кез келген адам еш қиналмастан ЖСН арқылы өзінің саулау учаскесі туралы толық мағлұмат беретін сайтқа кіре алады", - деді "Еріктілер лигасы" қоғамдық қорының өкілі Диана Оспанова.

Еске сала кетейік, президент сайлауы туралы тұрғындарға құлаққағыс жасайтын мұндай ерекше акция Алматыда бірінші рет ұйымдастырылып тұрған жоқ. Таяуда Алматыда бірнеше аэростат пайда болды. Аэростаттар үш жерден: Республика алаңы, Республика сарайы мен Тұңғыш Президент саябағынан ұшырылды. Аэростаттарға президент сайлауы өтетін күнді білдіретін 26 саны жапсырылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети