Алматылықтардың "түсіп қалған әмиянға" реакциясы видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтардың "түсіп қалған әмиянға" реакциясы видеоға түсірілді ©Youtube желісі

Қазақстандық пранкерлер Алматыда "Түсіп қалған әмиян" экспериментін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық пранкерлер Алматыда "Түсіп қалған әмиян" экспериментін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл әлеуметтік экспериментте біз адамдардың реакциясын тексереміз: жоғалған әмиянды бізге қайтара ма, жоқ па?", - деді пранкерлер.

Эксперимент Алматының адамдар көп жүретін жерлерінде түсірілді - сауда орталықтары, саябақтар. Олар көпшілік жүретін жерде әмиянын түсіріп алады. Авторлардың айтуынша, өтіп бара жатқандардың барлығы көмектескісі келген, түсіріп алғандығы жайлы хабар беріп, егесіне қайтарып берген.  

"Таң қалуларыңыз мүмкін, бірақ түсіп қалған әмиянды адамдардың 100 пайызы қайтарып берді. Бұл жағдайды елеусіз қалдырмай, айтып, әмиянды қайтарғандардың барлығына алғыс айтамыз", - деді пранкерлер эксперименттің қорытындысында.

Осыған дейін алматылықтар "өзін жайсыз сезінген адам" әлеуметтік экспериментін жасаған еді. Оның барысында адамдар көмектесе ме, әлде бей-жай қалдырып кете бере ме - осы бақыланды. Айта кетейік, түсіп қалған әмиян жайлы эксперимент өзге елдерде де ұйымдастырылған еді. 

"Пранк" сөзі - ағылшын тілінен аударғанда "әумесерлік, қылық, тентектік, әзіл" деген мағынаны білдіреді. Пранкерлер, әдет бойынша, адамдардың белгілі бір іске қалай қарайтынын, туып тұрған жағдайда не істейтінін бақылайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети