"Амалсыз түсіріп отырмын". ШҚО полицейі басшылықтың әрекетіне наразы болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Шығыс Қазақстан облысының полицейі басшысы сотталушыны заңсыз босатуға мәжбүрлегенін айтып, видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысының полицейі басшысы сотталушыны заңсыз босатуға мәжбүрлегенін айтып, видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицей видеоүндеуді Instagram желісінде жариялады. 

"Видеоны амалсыз түсіріп отырмын, себебі болған жайтты түсіне алмай отырмын. Мен 2013 жылдан бері әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстау изоляторында жұмыс істеймін.

2020 жылдың 27 шілдесінде менде кестеге сәйкес кезекшілік болды. Кезекші офицер Шарман ауданының аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушысына қайтадан қоңырау шалуымды сұрады.Ол маған 1970 жылғы сотталушыны босатуымды сұрады. Ол Әкімшілік кодекстің 608-бабы бойынша соттың үкімімен 15 тәулікке қамалған болатын. Сотталушы Шар қаласының арнайы ұстау изоляторына 14-29 шілде аралығына қамалған болатын", - дейді полицей. 

Полицейге сотталған ер адам көрші ауылға жерлеу рәсіміне барып келуі керек екені айтылған. 

"Ол ешкімге байқатпай, қайтып келеді" деді. Ешқандай құжат болмады. Басшым бар жауапкершілікті өз мойнына алатынын айтты. Мен оған: "Жоқ, ереже бойынша болмайды" дедім. Ол қайтадан хабарласып, прокурормен келіскенін айтты, мен сонда да "жоқ" дедім. Ол "дәрігер шақырып, ол "ауырып қалды" дей сал" дегендей басқа амалдар ұсына бастады. Мен оның бұйрығын орындаудан түпкілікті бас тарттым", - деді полицей. 

Артынша, полицейдің айтуынша, оған қоқан-лоқы көрсетіле бастаған. Полицей ол жайттың барлығын диктофонға жазып алған. 

"Мен бұл жайтты ішкі істер министрі мен бас прокурорға хабарладым. Тәртіптік комиссия қабылданды, шешім бойынша оны қызметінде қалдырып, оған толық емес қызметтік жаза тағайындау туралы шешім қабылданды. Сосын маған: "Сенің ауысқың келетін шығар?" деді. Мен оған ашуланып кеттім. 

Бұл туралы кімге айтарымды білмедім, тек бұл жауапсыз қалмаса екен дедім. Сонда мен не үшін ант бердім? Егер сот шешімі ол үшін заң болмаса, ол өзін кім деп санайды?", - деп ашуланды полицей. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty/Astana?? (@megapolis.kz)

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл видеодан хабардар екенін жеткізді. 

"Департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізді, оның қорытындысы бойынша бірқатар аумақтық бөлімшенің басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша қосымша тексеру тағайындалды", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro