АҚШ видеоблогері Дрю Бински қысқы уақытта Астанаға келіп, елордада 10 долларды қалай жаратуға болатынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, ол сол кезде Орталық Азияға бірінші рет келген.

"Күн аяз болып тұрғанына қарамастан (-18 градус) мен уақытты жақсы өткіздім және Астананың соншалықты заманауи қала екенін көріп таңғалдым", - деді видеоблогер Бински.
Ол өзінің видеоблогында дүкендерді аралап, 10 долларға (3 169 теңге) жылқы еті мен қымыз (1 236 теңге) алады, сондай-ақ, ту мен ойыншық түйені (1 585 теңге) сатып алады. Және тағы 317 теңгеге қазақстандық шоколад сатып алады.
Айта кетейік, бәрінен бұрын америкалық жігітті 20 градус аяз кезінде жылынып алуға болатын Хан-Шатырдағы жағажай таңғалдырды.