14 қазан 2019 09:55

Америкалық гимнастшы қыз ерлер рекордын жаңартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық гимнастшы Симона Байлз әлем біріншіліктерінде жеңіп алған медальдар саны бойынша рекорд орнатты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі АҚШ-тың Олимпиада комитетінің Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

13 қазанда Штутгарт қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Байлз АҚШ құрамасының сапында бөренеде жаттығу бойынша алтын медаль жеңіп алды. Бұл америкалық спортшы үшін әлем біріншіліктерінде алып отырған 24-ші медаль екен. Осылайша ол 23 медаль иегері беларусь гимнасты Виталий Щербоның рекордын бұзды. 

8 қазанда Байлз командалық жарыста жеңімпаз атанып, әлем біріншіліктерінде алған 20 медалі бар ресейлік Светлана Хоркинаның рекордын бұзды. 

Байлз қоржынында 12 әлем біріншілігінің алтын медалі бар. Ол 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олипиада ойындарында төрт алтын алған еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети