Америкалық Брайан Флемминг интернетте әйел адаммен танысу арқасында екі жылда 170 келі салмақ тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz CNN ақпарат құралына сілтеме жасап.
Америкалық Брайан Флемминг интернетте әйел адаммен танысу арқасында екі жылда 170 келі салмақ тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz CNN ақпарат құралына сілтеме жасап.
Америкалық Брайн Флемминг пен Ұлыбритания тұрғыны Джэки Истэм сурет салып және оны достарымен алмасауға мүмкіндік беретін Draw Something қосымшасы арқылы 2012 жылдың көктемінде танысқан. 30 жастағы Флемминг пен 50 жастағы Истэм арасындағы қарапайым әзілмен және сурет алмасумен басталған таныстық кейіннен Facebook желісіндегі қарым-қатынасқа ұласқан. Олар желі арқылы жеке өмірлері жайлы жиі әңгімелесе бастаған.
Америкалық азамат өзінің жаңа танысына ішімдікке бейімділігі және артық салмағы жайлы да айтады. Ол кезде америкалықтың салмағы 280 келі болған. Оның сөзіне қарағанда, өзін жіте таныған соң британдық бикештің түсіністікпен қарайтынына сенімді болған. Алайда Истэм ызғарлы жауап қайырып, оны "өміріңді өзгертуге талпынбайсың" деп кінәлаған. Ал, Джеки, жиі кездесетін тұқым қуалаушылық миотонией-жүйке-бұлшықет ауруымен ауыратыны белгілі болған.
Истэмнің қатаң ұстанымы америкалық азаматтың өмір-салтын өзгертуге серпін берген. Ол алкогольді ішімдіктен бас тартып, диета ұстауға көшкен. Сонан соң ол физикалық жүктеме қосқан. Үй ішінде бес минуттық жүруден бастаған ол, уақыт өте көшеге шығып спопрттық жаттығулармен шұғылданған.
Нәтижесінде ол 170 келі салмақ тастайды. Қазір оның салмағы 105-110 келі. Сондай-ақ, америкалық Ұлыбртанияға ұшып барып, Истэммен жүзбе-жүз танысып, оған қолдауы және достығы үшін алғысын білдірген. Қазір Флемминг ота жасатып, 13 келі қатпар майларды алдыру үшін ақша жинап жатқан көрінеді.