Лос-Анджелесте тұратын америкалық рэперлер Марио Руис пен Омар Круз қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туралы жаңа әннің үзіндісін Интернетте жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Лос-Анджелесте тұратын америкалық рэперлер Марио Руис пен Омар Круз қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туралы жаңа әннің үзіндісін Интернетте жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Порталдың мәліметінше, әннің үзіндісі Руистің Instagram желісіндегі парақшасында пайда болды. Рэперлер клиптің түсірілім жұмыстарына кірісіп кеткенге ұқсайды.
Айта кетейік, бұл музыканттардың қазақстандық боксшы туралы үшінші жұмыстары болмақ: өткен жылы қарашада олар Mexican Style ("Мексикалық стиль") әні мен бейнебаянын таныстырды, ал ақпанда Good Boy Killa атты композиция жарыққа шықты.
Головкинге Қазақстанда әнші Марина Бейсеханова ("Реальный 3G") мен атақты актер әрі музыкант Әнуар Нұрпейісов ("Гена GGG") ән арнаған болатын.
Еске сала кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін Давид Лемьемен 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.