21 қазан 2016 | 12:01

Америкалықтар Қазақстаннан келген шоколадтың дәміне тамсанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рэй Гроссман мен Тара қазақстандық шоколадтың көптігіне таңғалуда Рэй Гроссман мен Тара қазақстандық шоколадтың көптігіне таңғалуда

Америкалық блогер пен оның дос қызына бір қорап қазақстандық шоколад жолдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Тәтті" сәлемдемені ашып жатқан видео Youtube хостингіне жүктелген.


Иконка комментария блок соц сети

Америкалық блогер пен оның дос қызына бір қорап қазақстандық шоколад жолдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Тәтті" сәлемдемені ашып жатқан видео Youtube хостингіне жүктелген.

Ер адам өз блогында тәттілер салынған қорапты оған қазақстандық Хубадулла атты көрермені жолдағанын айтады. Ол шексіз алғысын білдіріп, сәлемдемені ашуға кіріседі де, ішінен ондаған қазақстандық шоколадты алып шығады.

Блог авторы шоколад қаптамасын қарап, оның әдемілігін айтады. Ал өзін Тара деп таныстырған қызды олар тіптен тамсандырып жіберді.

Сәлемдемеде қалуа да болды, дегенмен америкалықтар оның не екенін түсінбеді.

"Біз мұның не екенін түсінбедік... Мүмкін кофе болар?", - дейді блогер. Сосын оның дәмін татып көреді. Авторлар "Мишка косолапый" атты шоколадтың да дәмін көреді. Өкінішке қарай, жолданған тәттілердің көбі еріп кеткен. Видео соңында Тара қазақстандық шоколадты қателесіп ресейлік дейді де америкаға Ресей деңгейіне көтерілуі керектігін айтады, дегенмен ер адам оны түзетіп, шоколадтың Қазақстаннан келгенін айтады.

Tengrinews.kz тілшісі видеоблог авторымен байланысқа шықты. Ер адам өзін Рэй Гроссман деп таныстырды және бұл өз оқырмандарынан алып тұрған екінші сәлемдеме екенін айтты. "Қазақстан шоколады өте тәтті! Ғажап. Америка шоколадтарының дәмі бұған жетпейді (...) Мен халуаны да айтып өткім келеді (мен оның не екенін кейін ұқтым - автор ескертпесі), өте тәтті зат, мен мұндайды бұрындары жеп көрмеппін", - дейді ол.

Гроссман өзінің техника сататын үлкен дүкенде жұмыс істейтінін және видеоблогтар түсіруге әуес екенін айта кетті. "Мен бұл видеолар арқылы шығыс пен батыс арасында көпір орнатып, қарапайым америкалықтарды көрсеткім келеді. Менің түрлі елдерден 10 мың көрерменім бар. Мұның алдында маған Ресейден шоколад жіберген еді", - дейді ер адам.


Рэй Гроссман, © Facebook

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети