Америкалық әйел бір жасар сәбиін жыланға шаққызғанын видеоға түсірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық әйел бір жасар сәбиін жыланға шаққызғанын видеоға түсірген

Флорида штатының полициясы бір жасар қыз баласын жыланға шаққызып, оны видеоға түсірген әйелге қатысты істі тергеп жатыр. Бұл әрекетін "тәрбиелеу үшін" жасадым деп түсіндірген әйел видеоны Facebook желісіндегі парақшасына жүктеген, - деп хабарлайды ABC.

Видеоның кадрларынан жыланның қол созып тұрған бір жасар сәбиді шаққанын көруге болады. Сосын бала жылап, ал әйел күле бастайды. Желіде айтылған сыннан кейін әйел бұл видеоны өшіріп тастаған. Ал журналистерге берген сұхбатында көрермендердің "тым әсершіл" екенін айтқан. 

"Бұл жылан мені де, баламды да бірнеше рет шаққан. Оның уы жоқ. Тістері тіпті сәбидің терісіне батпайды. Қызым ауырғаннан емес, қорыққаннан жылап жіберді", - деді америкалық. 

Айтуынша, енді қызы жыланға жоламайды. "Ол қорықпайды, бірақ қолымен де ұстамайтын болады - мақсатым осы болды. Мен ешқашан балама зиян келтірген емеспін", - деді ол. 

Қылмыстық іс әзірше қозғалған жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети