Америкалық әйел қайтыс болған ұлының жүрек соғысын тыңдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық әйел қайтыс болған ұлының жүрек соғысын тыңдады © Telegraph.co.uk

АҚШ тұрғыны қайтыс болған ұлының жүрек соғысын тыңдап көрді, - деп хабарлайды The Telegraph.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ тұрғыны қайтыс болған ұлының жүрек соғысын тыңдап көрді, - деп хабарлайды The Telegraph.

Лиза Суонсонның 18 жастағы ұлы Леви 2012 жылы жол апатынан қайтыс болған. Бірнеше күн өткеннен кейін оның жүрегі кардиомиопатиямен ауыратын 64 жастағы Терри Хуперге беріледі. Сәуір айының басында әйел Небраска штатындағы медициналық орталықта Хупермен кездесіп, қайтыс болған ұлының жүрек соғысын тыңдап көрді.

Терри Хупер Лизамен Левидің суреті бейнеленген жейде киіп кездесті. Ер адам кездесу барысында Лизаның ұлының нағыз батыр болғанын айтты. "Мен бір уақытта қуанышты да, қайғыны да сезінемін. Ұлымның қазір қасымда болмағаны өкінішті, дегенмен оның Терриге көмектесе алғанына қуанамын", - деді Лиза Суонсон.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети