Аналар күні Алматыда Гиннестің жаңа рекорды тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аналар күні Алматыда Гиннестің жаңа рекорды тіркелді ©Ярослав Радловский

Алматы қаласында "Аналар күніне" орай өткізілген шара кезінде Гиннесс кітабының жаңа рекорды жария болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласында "Аналар күніне" орай өткізілген шара кезінде Гиннесс кітабының жаңа рекорды жария болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Нақтырақ айтсақ, Горький атындағы мәдениет және демалыс саябағында 856 келі бауырсақ пісірілді. Ал бұл рекордты арнайы комиссия тіркеп, осы шараны ұйымдастырған "Жетінші арнаға" сертификатты салтанатты түрде табыс етті.

Мұндай жаңа рекорд енелер мен келіндер арасындағы аспаздық сайыс кезінде тіркелді. Жеті ене мен келін жұптары бауырсақ пісіріп жатқанда Лондоннан арнайы келген Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар оларды жіті бақылап тұрды.

Келіндер командасын шоумен Нұртас Адамбаев қолдап тұрса, енелер жағынан Аша Матай шықты.

Бұған қоса, бұл ерекше мерекеге қатысқан барлық қонақтарға естелік ретінде ленталар мен "Анаға арналған сиқырлы печенье" таратылды. Шара кезінде аналарды бір сергіткен бұрыш жұмыс істеп тұрды. Онда тәжірибелі стилистер мен визажистер макияж жасаудың техникасын және өзін-өзі күтудің қыр-сырымен таныстырып жатты.

Ал болашақ аналарға тренелер қызмет көрсетіп, олар йогадан екі сабақ өткізді. Балалар да ұмыт қалмады, оларға деп сурет өнері бойынша арнайы бұрыш ұйымдастырылды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети