Голливуд әртістері Анджелина Джоли мен Брэд Питтің тоғыз жастағы қызы жігіт болғысы келетінін мәлімдеді. Шайло кішкентай кезінен ұл балалармен ойнағанды ұнатқан, шашы қысқа, тіпті бір кездері өзін Джон деп атауды өтініпті, - деп хабарлайды Radar Online.

Басылымның мәліметінше, жұлдызды жұп қыздарын гендерлік мәселелер бойынша мамандарға да тексерткен. Әзірше дәрігерлер қыздың жай ғана еркекшора екенін немесе трансгендер екеніне қатысты нақты жауап бере алмай отыр.
Маманның мәлімдеуінше, Шайлоның икемділігі жасөспірім шаққа келгенде белгілі болады: "Ол нәзік бола түседі немесе жынысын өзгерткісі келеді". Бірақ мамандар қыз ағаларының арасында өскендіктен өзін ұл сияқты ұстайды деген ата-анасының қаупін сейілтті.
"Шайло тек қыздардың арасында өссе де, оның қылықтары дәл қазіргідей болатын еді", - деді маман.
Дереккөзіне сенсек, Питт пен Джолидің туыстары "Шайлоны қандай болса да жақсы көреді" және оның кез келген шешіміне түсіністікпен қарайды.
Шайло Нувель 2006 жылы 27 мамырда туылған. Ол Анджелина Джоли мен Брэд Питтің тұңғыш биологиялық баласы. Оларда барлығы алты бала бар, алайда олардың үшеуі - асыранды.