Ангела Меркель депутатқа көмектесе алмады

04 Маусым 2014, 09:02
0
Ангела Меркель депутатқа көмектесе алмады - Ангела Меркель. Сурет theguardian.com сайтынан алынған
Ангела Меркель. Сурет theguardian.com сайтынан алынған

"Германия канцлерлі Ангела Меркель телеарнадағы "Кім миллионер болғысы келеді" атты сұрақ-жауап сайысына қатысқан ХДС/ХСС партиясының депутаты Вольфганг Босбахқа көмектесе алмады" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Газета.Ru" ақпарат құралына сілтеме жасап. Ангела Меркель телефон қоңырауына жауап бермеген.

Кір жуғыш машинасына қатысты сұраққа жауап бере алмаған Босбах "досыңа қоңырау шал" деген жеңілдікті пайдаланбақ болған. Неміс телеарнасының тікелей эфирінде ол Ангела Меркельге екі рет телефон соққан, бірақ ол телефон тұтқасын көтермеген. Телеойын соңында Босбах канцлерден телефон тұтқасын көтермегені үшін кешірім сұраған SMS-хабарлама алған.

Бағдарламадан кейін Босбах "Ангела Меркельдің телефон тұтқасын көтермегені дұрыс болды, әйтпесе сұрақ-жауап сайысынан хабарласқаным үшін маған ескету жасауы мүмкін еді" деп ағынан жарылған көрінеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай