"Антарктидада жыл сайын 160 тонна мұз ериді. Мұндай мәліметті Geophysical Research Letters журналы жариялап отыр" деп хабарлайды Tengrinews.kz BBC Russian ақпарат құралына сілтеме жасап.
"Антарктидада жыл сайын 160 тонна мұз ериді. Мұндай мәліметті Geophysical Research Letters журналы жариялап отыр" деп хабарлайды Tengrinews.kz BBC Russian ақпарат құралына сілтеме жасап.
Антарктидалық мұз қорғаны бұдан төрт жыл бұрын жасалған өлшеулерге қарағанда қазір екі есе жылдамдықпен еріп жатыр. Еуропалық ғарыш агенттігінің Cryosat спутнигінде орнатылған радардың көрсетуі бойынша Антарктидағы мұздық жыл сайын екі сантиметрге жұқарып келеді.
NASA есебіне қарағанда, егер Антарктидадағы барлық мұз еритін болса, онда теңіз деңгейі бір метрге көтеріледі.
Биыл күннің ерте жылуы Антарктидадан үлкен айсбергтің бөлінуіне әкеліп соқтырған. Оның ұзындығы 35 километр, ал ені-20 километр. Көлемі бойынша оны Сингапурмен немесе Дубаи штатымен теңестіруге болады.
Австралиялық ұлттық университеті мен Британдық антарктикалық қызмет ғалымдарының пікірінше, бұдан 600 жыл бұрынғымен салыстырғанда Антарктида мұздығы 10 есе жылдам еріп жатыр.