АҚШ елшісі Абай өлеңін ағылшын тілінде оқыды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ елшісі Абай өлеңін ағылшын тілінде оқыды

Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына орай ұйымдастырылған флешмобты жалғастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына орай ұйымдастырылған флешмобты жалғастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

АҚШ Елшісі Уильям Мозерге АҚШ мемлекеттік бағдарламаларының бірінің түлегі Альбина Қасенова ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқу эстафетасын жолдаған еді. Елші бұл бастаманы қолдауды мәртебе санап, ұлы ақынның өлеңін ағылшын тілінде оқып, елшіліктің дарынды қызметкерлерінің бірі Ақботаның орындауында музыкалық сүйемелдеумен ұлы ақынның "Желсіз түнде жарық ай" композициясын ұсынып, осылайша эстафетаға қолдау көрсетті.

"Құрметті достар, менің есімім Уилл Мозер, мен Қазақстандағы АҚШ елшісімін. Қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңдерін оқу эстафетасын шын жүректен қабыл алдым. Мен үшін Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" өлеңін оқу - үлкен бақыт", - деді ол. 

АҚШ елшісі дипломатиялық өкілдігінің қызметкерлерін эстафетаны жалғастыруды ұсынды.

Айта кетейік, Абайдың өлеңдерін оқу эстафетасын 9 жастағы оқушы Ләйлім Шырақ бастап, оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын. Президент ұлы ақынның "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқып, эстафетаны білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Кейін эстафетаны қабыл алған үшеуі де Абайдың туындысын оқып, челленджді әрі қарай жалғастырған. Бүгінге дейін эстафетаны қабыл алған еліміздің шоу-бизнес жұлдыздары мен шенеуніктері ұлы ақынның туындыларынан үзінді оқыды. Ресейлік композитор Игорь Крутой да Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабылдап, Абайдың бір өлеңін оқыған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети