АҚШ-та сүйгеніне үйлену туралы ұсыныс айтып жатқан жігіт сақинаны кәрізге түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та сүйгеніне үйлену туралы ұсыныс айтып жатқан жігіт сақинаны кәрізге түсіріп алды © ForumDaily Woman

Нью-Йорк полициясы сүйгеніне үйлену туралы ұсыныс жасап жатқан сәтте сақинаны кәрізге түсіріп алған жігітті іздестіріп жатыр. Бұл туралы New York Police департаменті Twitter желісіндегі ресми парақшасында хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нью-Йорк полициясы сүйгеніне үйлену туралы ұсыныс жасап жатқан сәтте сақинаны кәрізге түсіріп алған жігітті іздестіріп жатыр. Бұл туралы New York Police департаменті Twitter желісіндегі ресми парақшасында хабарлады. 

"Таймс-скверде қалыңдығының сақинасын құлатып алғаны үшін ер адам іздестіріліп жатыр. Қыз "иә" - деді, ол қуаныштан сақинаны кәрізге түсіріп алды", - деді полицейлер. 

Олар зергерлік бұйымды қоқыстан тазалап қойған. Сонымен қатар, полицейлер "бақытты жұпты" табамыз деген сенім білдірді. 

Желі қолданушылары осы жағдайға қатысты сан түрлі пікір қалдыруда. 

"Ендігіде олардың ұрысы былай басталатын болады: "Ең кемі мен атастыру сақинасын кәрізге түсіріп алған жоқпын", - деп әзілдеді @jimreittinger.

"Бұл әлемдегі ең көңілсіз әрі ең күлкілі үйлену туралы ұсыныс. Немерелеріне айтар дүиелері бар болады", - деп жазды @RaychelTania.

"Оған жіп байлап қою керек еді", - деп мысқылдады @HerbSpeaks.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети