Ақтауда бір әйел такси жүргізушісін соққыға жықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда бір әйел такси жүргізушісін соққыға жықты © taxibox.ru

Ақтауда бір әйел такси жүргізушісін оны айтылған мекенжайға жеткізіп тастаудан бас тартқаны үшін соққыға жықты, - деп хабарлайды "Лада".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда бір әйел такси жүргізушісін оны айтылған мекенжайға жеткізіп тастаудан бас тартқаны үшін соққыға жықты, - деп хабарлайды "Лада".

Оқиға бірнеше күн бұрын қаланың 7-ықшамауданында болған. 34 жастағы әйел ер адамнан оны үйіне жеткізіп салуын өтінген. Алайда ол бас тартыпты. Полицейлердің басылымға берген мәліметтері бойынша, әйел такси жүргізушісін балағаттап, жұдырық ала жүгіріп, киімін жыртқан.

Салдарынан Мұнайлы ауданының 51 жастағы тұрғыны Ақтау ІІБ-ге барып, арыз түсірді. Ер адамның әйелді не үшін жеткізіп салмағаны белгісіз. Бұл дерекке қатысты құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сонымен қатар, басылымның мәліметінше, Мұнайлы ауданында бір ер адам сатушы әйелді ұрған. Ақтаудың 50 жастағы тұрғыны дүкенге мас ер адам кіргенде сауда жасап тұрған. Ер адам балағат сөздер айтып, дөрекі қылық танытқаны үшін әйел ескерту жасапты. Ашуға булыққан ер адам әйелді соққыға жығып, оқиға орнынан қашып кетті. Қазіргі таңда ол қолға түсті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети