Ақтөбе облысында далалықта адасқан бала қойдың ізімен жол тапқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында далалықта адасқан бала қойдың ізімен жол тапқан Дулат Мырзағалиев далалықта аттан түспей төрт күн бойы жүрген. ©Тengrinews.kz

Ақтөбе облысында далалықта төрт күн адасқан оқушы бала қойдың жаңа іздерімен жүріп аман қалған. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Ырғыз ауданының әкімі Мейірхан Дуанбеков айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында далалықта төрт күн адасқан оқушы бала қойдың жаңа іздерімен жүріп аман қалған. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Ырғыз ауданының әкімі Мейірхан Дуанбеков айтты.

16 жастағы Дулат Мырзағалиев облыстың ең шалғай ауылдарының бірі - Мамырда тұрады. Ауылда ұялы байланыс жоқ, сол себепті онымен хабар алысу мүмкін болмады.

Оқушы бала ат үйретемін деп жүріп, ауылдан алыстап кетіп адасқан болатын. Бала тірі қалу үшін өзін атқа байлап қояды. Онымен сөйлескен әкімнің айтуынша, сол кезде жасөспірім асып-саспаған, керісінше, жақын елді мекендерге адаспай жол табуды ойлаған. "Күндіз ол аттан түсіп, жаяу жүрген, аттарды тұсаулап, олардың жайылуына мұрша берген. Түнде жерге тоқыманы жайып, баяғының батырлары сияқты ұйықтаған", - дейді әкім. Оның айтуынша, жасөспірім қасқырларға жем болудан қауіптенген. 

Дулат отар жүріп өткен іздерді байқаған, жайлаудан көрші ауылға көшкен шопанның ізіне түскен ол тракторды қуып жетеді. Дулаттың әкесі қайтыс болған, оқушы көпбалалы үйден. Анасы мектепте тазалықшы болып жұмыс істейді. Қазір "батыр" 11-сыныпта оқып жатыр. Келесі жылы Ақтөбедегі колледждердің біріне оқуға түсіп, электрик мамандығы бойынша білім алуды ойлайды.

Еске сала кетейік, жасөспірім 9 қараша күні жоғалып кеткен еді. Ол 13 қараша күні кешкісін табылды. "Бұл мінілмеген атты тоқтату кезінде қиналғанымызды-ай! Жылқы тракторды өшірген соң ғана сабасына түсті. Жасөспірім осы уақыт бойы оның үстінде нық отырыпты", - деген болатын сол кезде облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин. Оның айтуынша, мінілмеген ат оны ұзақ күн бойы ашық далада алып жүрген, ал жасөспірім тірі қалу үшін оған өзін байлап алған. Тіпті дәретке де ат үстінен түспей отырған, төрт күн бойына дәм татпапты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети