Ақтөбеде үшем дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде үшем дүниеге келді

Балабековтер отбасында дүниеге келген үшемді перзентханадан ұлттық мереке - Тәуелсіздік күні қарсаңында  шығарып алуға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов пен әкімнің орынбасары Күлпаршын Айдарханова барып, сәбилер мен анасының жағдайын біліп қайтты.

Қала әкімі нәрестелер мен олардың анасын құттықтап, қажетті жабдықтарды сыйлады.

1 желтоқсан, Тұңғыш Президент күнінде Ақтөбе медициналық орталығында жас ата-ана - Борис Балабеков пен Юлия Мазльзамның отбасында үшем дүниеге келді: 2 ұл және 1 қыз.

Нәрестелердің ата-аналары 2012 жылы 22 шілдеде некелескен екен. Отбасында үшемнен бөлек 13.05.2015 жылы туған үлкен қыздары Милана Бала бар. 

Ақтөбеде бұл жылы барлығы 3 үшем дүниеге келіпті: 2 үшем Ақтөбе медициналық орталығында туылса, 1 үшем облыстық перинаталдық орталығында дүние есігін ашқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети