Артемий Лебедевтің студиясы Алматы қаласының атышулы логотипіне баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Артемий Лебедевтің студиясы Алматы қаласының атышулы логотипіне баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, студияның арт-директоры Сергей Кулинковичке бұл логотип ұнамады. Ол логотиптің кейбір элементтеріне баға беріп өтті. Сондай-ақ, ол "Almaty" деген жазудың кәсібилікке жатпайтынын айтты.
Айта кетейік, Артемий Лебедев студиясының негізі 1995 жылы қаланған болатын. Ол қазіргі уақытта танымал ресейлік дизайнерлік компаниялардың бірі. Студия өзіндік стилімен ерекшеленеді.
Еске салайық, осыған дейін "Алматы қаласының 1000 жылдығының" үздік логотипі конкурсының авторлары жарияланған болатын. Жарнама агенттіктерінің бірінің жобасы үздік деп танылған еді. "Енді бұл логотип барлық өнімде, қаланы безендіруде, роликтерде кеңінен қолданылатын болады. Басқаша айтқанда, бұл логотип туристік мақсаттарда пайдаланылатын болады. Логотипке әлі де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Логотипке ұран жазса да болады", - деген еді "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсет Абдуалиев .