Астана көшелерінде жастар Қазақстанның ең үлкен байрағын алып жүрді

29 Маусым 2015, 16:38
0
Астана көшелерінде жастар Қазақстанның ең үлкен байрағын алып жүрді - © Шоқан Алхабаев
© Шоқан Алхабаев

Астана көшелерімен Қазақстанның Мемлекеттік туы алып өтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада мемлекеттік рәміздерді дәріптеу мақсатында жалпыұлттық форум өтті.

Форум аясында жастар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздермен (ту, елтаңба) елорда көшелерінде шеру өткізді. Шеруге ҚР Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков қатысты.

Шараға 500-ге жуық астаналық қатысты. Айта кетейік, тудың ені 10 метр, ұзындығы 20 метр болды.

"(...) Туды алып жүрудің маңызы зор. Сондықтан да Олимпиада сияқты ірі шаралар Туды алып жүруден басталады. Мемлекеттік рәміздің ролі өте зор, сондықтан да шеру осыған арналды", - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балыбаев.

Форум Қазақстанның эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертпен аяқталды.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай