19 ақпан 2016 | 14:10

Астана тұрғыны адамдарды көлігімен тегін тасып, мәселелерін шешіп беріп жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© osp.ru © osp.ru

Қазақстанда "Жақсылық жаса" акциясы өтіп жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары көмек көрсеткісі келетінін жазу үстінде. Мәселен, Астана тұрғыны Арман Шекімов бос уақытында адамдарды тегін тасымалдап, мәселелерін шешіп беретінін айтып отыр.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда "Жақсылық жаса" акциясы өтіп жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары көмек көрсеткісі келетінін жазу үстінде. Мәселен, Астана тұрғыны Арман Шекімов бос уақытында адамдарды тегін тасымалдап, мәселелерін шешіп беретінін айтып отыр.

Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ол бұл идеяның ойда жоқта келгенін айтып берді. 

"Мен психологиялық сауда жөніндегі тренинг-менеджермін және бос уақытым бар. Мұның барлығы негізінде жоспарлы түрде болған жоқ, ойда жоқта ойға келді. Уақытымды диванда бос өткізгенше, іс жасауым керек деп ойладым. (...) Бір құрбыммен сөйлескенімде ол протезбен жүретін қыз жайлы, оның көмекке мұқтаж екенін айтты - оған жүру қиын екен. Бірақ ол қозғалуы керек екен. Ол жалдамалы бухгалтер болып істейді екен. Мен онымен бірге жүре бастадым. Бірінші рет солай басталды. Кейін менің телефоным тарала бастады. Мен осыны көбірек адам білуі үшін Facebook желісіне жаздым. Жазба қалдырғаннан кейін мұқтаж адамдар хабарласа бастады. Бәріміз дос болып кеттік", - деді Арман. 

"Facebook желісіндегі бұл жазба өзімді өзім жарнамалау үшін жазылған жоқ, ер адамдарды, белсенді жастарды тартқым келді", - дейді Арман Шекімов. 

"Қанша адамға көмек қажет екенін білмейміз. Бүгін маған 3-5 баланы жалғыз асырап отырған аналар хабарласады, кейбірінің баласы сал ауруына шалдыққан. Балалары Германияға көшіп кеткен зейнеткер әже бар. Таяуда оның ауласын жігіттермен бірге тазалап бердік. Көзі көрмейтін бір қызбен жақын араласамыз. Құжаттарын жинастырып жатырмыз. Оның дұрыс толтыруын қадағалап отырмын. Қазір оның көзіне операция жасалуы керек", - дейді ол.


Оның айтуынша, бір апта ішінде одан 100-ге жуық адам хабарласып, көмек сұрайды. 

"Үш баласы бар әйелді білемін, оның баласы сал ауруына шалдыққан, оны ауруханаларға жеткіземіз. Көмекке мұқтаж қырыққа жуық адам бар, ал аптасына 100 адам хабарласады. Түсінемін, жақсылықты жар салу дұрыс емес, алайда мәселен бір жігіт бүгін кешке сыра ішудің орнына біреуге көмектескені жақсы болар еді. Мәселен, көрші үйдің есігінің құлпы бұзылып қала береді. Ал үй иесі егде жасағы әйел", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети