Астанада балабақша орындарын тарату науқаны басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада балабақша орындарын тарату науқаны басталды ©astana.all.biz

Бүгін, маусымның 2-сі күні Астанадағы №61 мектепте балабақша орындарын тарату науқаны басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық білім беру басқармасының бастығы Эльмира Суханбердиеваға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, маусымның 2-сі күні Астанадағы №61 мектепте балабақша орындарын тарату науқаны басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық білім беру басқармасының бастығы Эльмира Суханбердиеваға сілтеме жасап. 

Оның хабарлауынша, биыл балабақшаны бітірген балалар баршылық. Осыған байланысты қала бойынша 5 800 орын босады. Соның барлығы кезекке сәйкес таратылатын болады. Барлық орындардың 20-25 пайызы әлеуметтік жеңілдікпен берілсе, қалғаны  2-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер арасында таратылады.

Қазіргі заңнамаға сәйкес, балабақшаға алдымен 1-2 топтағы мүгедек ата-аналары бар балаларға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған сәбилерге, жетім балаларға, көпбалалы отбасыдан шыққандарға, соғыс ардагерлері мен мүгедектердің балаларына, содан соң әскери қызметкерлердің бала-шағасына беріледі.

Астана қаласы бойынша балабақша орындарын тарату науқаны шілденің 2-сіне дейін жалғасады. Осыдан кейін ата-аналарға жолдамалар беріледі. №61 мектепте сағат 15-00-ден 18-00-ге дейін жұмыс істейтін арнайы комиссия күніне 300 адамды қабылдаймыз деп отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети