29 мамыр 2015 | 13:51

Астанада ең ұзын торт пісірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада ең ұзын торт пісірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін елордада SOS балалар ауылдары тәрбиеленушілері Халықаралық балалар күнімен құттықтады.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада ең ұзын торт пісірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін елордада SOS балалар ауылдары тәрбиеленушілері Халықаралық балалар күнімен құттықтады.

Қазақстанда алғаш рет ұзындығы 30 метр болатын торт пісірілді. Мерекені ұйымдастырушы ERG Еуразиялық тобы тортты "Бал бақыт" деп атады. Бұл компания 2007 жылдан бері Балалар ауылдарына көмек көрсетіп келеді.

"Бұл тәтті торт біздің компаниямыздың Балалар күні мерекесіне арналған сыйы болсын. Біздің бірлігіміздің арқасында сау әрі бақытты балалардың саны жыл сайын артып жатыр деп үміттенеміз. Еуразиялық топ балалардың жазғы лагерьлерде демалуы үшін 3,5 имллион теңгенің сертификатын ұсынады", - деді Ирина Дәулетбақова Еуразиялық топ атынан сөз сөйлей отырып.

"Мен компанияларыңызбен арадағы серіктестік пен достастығымыз үшін қуаныштымын. Спорт алаңы мен футбол алаңы да ERG сыйлығы. Мен онда қыздар мен жігіттердің футбол ойнап жатқандарын көремін. Біз қоғамдық қорлардың арқасында жұмыс істеп отырмыз, Балалар күні қарсаңында үлгі боларлық сый алдық", - деді Батырхан Женалаев.

Ол ақшаның Астанадағы ғана емес, Алматы мен Теміртаудағы Балалар үйі тәрбиеленушілері үшін жұмсалатынын айтты.

Балалар ауылдары тәрбиеленушілері қонақтарына сый әзірледі. Олар ән айтып, би биледі. Кейін қонақтар мен балалар мерекелік дастарханға жайғасты.

Балаларға тортты үлестіру үшін ұйымдастырушылар шатыр тікті. Ұзындығы 30 метр торттың салмағы 225 келі болды. Тортты әзірлеуге 40 келі ұн, 500 жұмыртқа, 25 келі қант пен 5 келі бал жұмсалды. Тортты сәндеу үшін түрлі түсті қанттан ертегі кейіпкерлері бейнеленді.

Айта кетейік, "ERG Көмек" қайырымдылық қоры Балалар ауылдарына 2007 жылдан бастап көмектесіп келеді. Сол уақыттан бері 29 имллион теңге қаржы бөлген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети