Астанада биіктігі 18 қабатты үймен бірдей әткеншек салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың коммуналдық шаруашылық басқармасына сілтеме жасап.
Астанада биіктігі 18 қабатты үймен бірдей әткеншек салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың коммуналдық шаруашылық басқармасына сілтеме жасап.
"Қайта салынатын қалалық мәдениет саябағы құрылысының үшінші кезеңінде шолу әткеншегін орнату қарастырылып отыр. Бүгінде әткеншек дөңгелегінің диаметрі 55 метр болатыны анықталды. Өндіруші ел, әткеншектің құны, орындықтарының саны, басқа да ақпарат "Мемсараптама" РМК 2014 жылдың ІІІ тоқсанының соңына дейін оң қорытынды шығарғаннан кейін белгілі болады", - деп хабарлады редакцияның сауалына жауап қайтарған басқарма мамандары.
Еске сала кетейік, Астананың қалалық саябағында жаңа шолу әткеншегі салынатыны бұған дейін хабарланған болатын. Қалалық саябақта сағат, "Уақыт өзені", құрғақ субұрқақ орнатылып, Олимпиадашылар алаңы ашылады. Саябақта жылытылатын бассейн де салынады.
Бүгінде әлемдегі ең биік шолу әткеншегі - Американың Лас-Вегас қаласындағы High Roller. Ол биыл сәуір айында ашылды. Әткеншек шығыршығының диаметрі - 167 метр. Одан кейінгі орында диаметрі 165 метр болатын Singapore Flyer әткеншегі тұр, әлемдегі ең биік әткеншектердің үшінші орны диаметрі 160 метр болатын қытайлық "Наньчан жұлдыздарына" тиесілі.
Алдағы үш жыл ішінде Астанада қандай жаңа нысандар бой көтеретіні туралы мына жерден оқи аласыздар.