Астана қаласы әкімдігінде аяғы ауыр келіншекті босандырып алған полиция қызметкері марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласы әкімдігінде аяғы ауыр келіншекті босандырып алған полиция қызметкері марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.
25 тамызда Астана қаласының ІІД жол-патрульдік полиция полкі жетінші ротасының екінші взводының командирі, капитан Бақыт Әлімқұлов Астана бекетінде жедел жәрдем қызметі жеткенге дейін өзі әйелді босандырып, сәбидің кіндігін кескен.
Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісов полиция қызметкерін марапаттап, сәбидің өмірін сақтап қалғаны үшін алғысын білдірді. Әкімшілік атынан Бақыт Әлімұловқа бағалы сыйлық тапсырылды.
Қазіргі уақытта сәбидің анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы, олар №3 перинаталды орталықтан үйлеріне шығарылды. Атап айту керек, бұл ананың бесінші перзенті екен. Өз кезегінде, Бақыт Әлімқұлов аяғы ауыр келіншекке қол ұшын беру - өзінің азаматтық парызы деп санайтынын айтты. Полиция қызметкері осымен үшінші мәрте сәбиді босандыруға көмек көрсеткен.