Астанада "Қазақ аруы" сұлулық байқауының финалы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "Қазақ аруы" сұлулық байқауының финалы өтті Фото Тұрар Қазанғапов © Nikon d500 аппаратына түсірілді

Астанада "Қазақ аруы" сұлулық байқауының финалы өтті. Батыс Қазақстан облысының атынан шыққан Нұргүл Асанова жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "Қазақ аруы" сұлулық байқауының финалы өтті. Батыс Қазақстан облысының атынан шыққан Нұргүл Асанова жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші орынды қызылордалық Зухра Сайпи алса, екінші орынға Ақтөбе облысынан Гүлжанат Жұмажанова лайық деп танылды. Ал үшінші орын Қарағанды облысының намысын қорғаған Айгерім Орынбековада. 


Фото Тұрар Қазанғапов © Nikon d500 аппаратына түсірілді

Конкурсқа Қазақстан қалаларынан 16 ару қатысты. Биыл кастингке 16-22 жас аралығында 600-ден аса қыз қатысқан. "Қазақ Аруы" байқауы Қазақстанда алты жылдан бері өтіп келеді. Байқау жыл сайын наурызда өтеді. Жобаға қатысушылар қазақ тілін жетік білуі тиіс, қазақ халқының әдебиеті, тарихы және салт-дәстүрі салаларында білімі болуы керек. Бұл сұлулық байқауы болғандықтан, барлық қатысушы зияткерлік жағынан ғана емес, шашы ұзын әрі сұлу болуы керек. Әр жылдары бұл конкурста Гүлназ Жоланова, Кәмшат Қоскелова, Айгерім Қанатбаева, Айғаным Өтепбергеновалар жеңімпаз атанған.


Фото Тұрар Қазанғапов © Nikon d500 аппаратына түсірілді

Қазылар алқасының құрамында жобаның продюсері әрі идея авторы Баян Есентаева, тележурналист Айгүл Мүкей, дизайнер Аида Кауменова, тележүргізуші Динара Сәтжан, ақын Қалқаман Сарин, әнші Бүркіт, Астананың мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, "Қазақ аруы-2016" гран-при иегері Альмира Ахатова, Астана циркінің директоры Ерік Жолжақсынов бар. Ал алқа төрайымы ҚР Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети