09 қыркүйек 2018 | 13:09

Астаналықтардың отбасын құру жасы ұлғайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

2013 жылдан бастап Қазақстанда Отбасы күні аталып келеді. Ол күздің алғашқы айындағы екінші жексенбіде мерекеленеді. Бұл мейрам әр азамат үшін ғана емес тұтастай еліміз үшін маңызды. Отбасы әркім үшін сүйеніш, берік қамал. Елордада қоғамның жаңа ұяшығын құрудың соңғы тенденциялары туралы АХАТ қызметкерлері айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

2013 жылдан бастап Қазақстанда Отбасы күні аталып келеді. Ол күздің алғашқы айындағы екінші жексенбіде мерекеленеді. Бұл мейрам әр азамат үшін ғана емес тұтастай еліміз үшін маңызды. Отбасы әркім үшін сүйеніш, берік қамал. Елордада қоғамның жаңа ұяшығын құрудың соңғы тенденциялары туралы АХАТ қызметкерлері айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2018 жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындыларына сәйкес, елордада 5454 неке тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде тіркелген неке саны 4960-ты құрады. Осылайша, Астанадағы жас отбасылардың саны өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артқанын байқауға болады.

Сарыарқа ауданы әкімдігінің АХАТ бөлімі жетекшісі Бахытгүл Шайкенованың мәліметтеріне сүйенсек, қала тұрғындары бұрынғыға қарағанда ересек жасында некеге тұруға бел буады. Осылайша соңғы 20 жыл ішінде некеге тұрудың орташа жасы шамамен 10 жылға өскен. Бүгінгі таңда елорда жастары жасы 25-тен асқанда отбасы құруды жөн деп санайды.

"Қазіргі таңда жастар бұл мәселені барынша таразылап, отбасы құрады. Бойжеткендер мен ер азаматтар есейген сайын балаларына, жанұясына көп көңіл бөлуге тырысады. Бұдан 10-20 жыл бұрын ата-аналар балаларымен өсетін.

Егер 2000 жылдардың басында неке тұру жасы 20-21 жас болса, бүгін бұл көрсеткіш шамамен 7-10 жылға ұлғайып отыр. Қазіргі таңда бұл тұрғыда 25 плюс жасы кең таралған. Жастар көбіне 28-30 жасында некеге тұрады. Кейбірі тіпті 33 жасында үйленеді", - деді Шайкенова.

Сондай-ақ, спикер қазіргі кезде ер азаматтардың өзінен бірнеше жасқа үлкен бойжеткендерді жұбайы етіп таңдайтынын айтады.

"Бұрын қалыңдықтың жасы кішірек болса, қазір көбіне күйеу жігіт жасырақ. Ер азаматтар өзінен бір-екі жасқа ғана емес, 5-10 жасқа үлкен бойжеткендерге үйленеді", - деп атап өтті Бахытгүл Шайкенова.

Сонымен қатар, Астананың жас тұрғындарының шетелдік азаматтармен отбасы құратын жағдайлары жиіледі.

"Көбіне бойжеткендер шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығады. Біздің қыздар Африка елдерінің азаматтарын жар етіп таңдайтын жағдайлар аз емес. Таң қалатыны жоқ. Қазіргі кезде шекара ашық емес пе?! Біздің елдің азаматтары шетелге жиі шығып, жиі саяхаттайтын болды. Әлемнің түкпір-түкпірінде Қазақстан жайлы жақсы білетін болды", - деді ол. 

Айта кетейік, "Неке және отбасы" туралы ҚР заңына сәйкес, ер және әйел адамдар 18 жастан бастап некеге тұра алады. Белгілі себептерге байланысты жергілікті АХАТ органдары неке жасын 2 жасқа ғана азайтады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети