Астаналық модель Ыстамбұлда өткен сұлулық байқауында тәж киді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық модель Ыстамбұлда өткен сұлулық байқауында тәж киді Инесса Назарова

Қазақстандық модель Инесса Назарова Ыстамбұлда өткен Miss Global Eurasia Stars сұлулық фестивалінде тәж киді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық модель Инесса Назарова Ыстамбұлда өткен Miss Global Eurasia Stars сұлулық фестивалінде тәж киді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқауға тек бірнеше титул жеңген және халықаралық сұлулық байқауларында номинациялар мен атақтарға ие болған қыздар ғана шақырылды.

Айта кетейік, Инесса Назарова - халықаралық "Еуразия аруы - 2011" байқауының жеңімпазы.

"Бұл жаңа жоба. Байқаудың талаптары бойынша, алты адам жеңімпаз атанады, мен солардың қатарына кірдім. Crystal Star of Eurasia атағы мен тәжге ие болдым. Мұнымен қоса, бізге гауһар тасы бар кулон сыйлады", - дейді қазақстандық модель.

Инессаның айтуынша, байқауға қатысқан қыздар ұлттық киімдерде, пижамаларда және салтанатты көйлектерде  өнер көрсетті.

"Біз пижамамен шықтық, себебі ол мұсылман ел. Сондай-ақ, байқауда бастапқыдан-ақ купальниктерде өнер көрсетуге рұқсат берілген жоқ. Бірақ кейін финалда купальник киіп шықтық", - дейді Инесса.

Қазіргі уақытта  Инесса Назарова Астанада тұрып жатыр, екі баланы тәрбиелеп отыр.

"Модель ретінде тәжірибем мол. Бірнеше сұлулық байқауына қатыстым. Бейжіңде модель болып жұмыс істедім. Кейін тұрмысқа шықтым, қызым мен ұлым бар. Қазір Астанада тұрып жатырмыз. Жақында шетелдегі бір сұлулық байқауына қатысу туралы ұсыныс келді. Байқау шарты бойынша, қатысушылар - тұрмыс құрған келіншектер байқауға балаларымен қатысады. Байқау мамырда өтеді, әзірше, бұл ұсыныс жайлы ойланып жүрмін", - деді  Инесса Назарова.


Жеке мұрағаттан алынған суреттер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети