20 қаңтар 2015 | 18:31

Астрологтар алдағы айларда басшылықты сынамауға кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ok.ru ©Ok.ru

Басшылықты, оның ішінде ел билігін көктемге дейін сынамау керек. Мұндай кеңес астролог, шығыс психологиясы жөніндегі маман Рами Блекттің жеке парақшасындағы 2015 жылға арналған болжамда айтылды. Мұнда басқа да кеңестер айтылады: қарыз алмау, пессимистермен қарым-қатынас жасамау, жаңалықтарды көп оқымау, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Басшылықты, оның ішінде ел билігін көктемге дейін сынамау керек. Мұндай кеңес астролог, шығыс психологиясы жөніндегі маман Рами Блекттің жеке парақшасындағы 2015 жылға арналған болжамда айтылды. Мұнда басқа да кеңестер айтылады: қарыз алмау, пессимистермен қарым-қатынас жасамау, жаңалықтарды көп оқымау, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қыстың алдағы айларынында және сәуірге дейін басшылықты сынаудан, жоғары тұрған басшылықты, оның ішінде мемлекет билігін айыптаудан бас тартқан жөн және дара басшылықтың ұстанымдарын сақтап, "басшы-бағынушы" арақатынасын сақтау керек. Кері тартып қозғалып бара жатқан экстракүшті Юпитер кері жағдай жасаса да оған берілмеу керек!", - дейді жұлдызшылар.

Олардың айтуынша, 2015 жылдың бірінші айларында жұмыс ұжымдарында қарбалас күндер туады, құрылымдық ұйымдарда өзгерістер болуы мүмкін, жұмыстағы жүгі ауырлайды. 

Сонымен қатар, қаңтар айының қарапайым мәселелерді шешуге қолайлы ай екені айтылды. Астрологтар өз ісін кейінге қалдыратын адамдарға іске қайта кірісуге кеңес береді. 

"22 қаңтар мен 11 ақпан арасында шиеленіс туып, қарым-қатынаста қиындықтар болуы мүмкін, сонымен бірге, байланыс жұмыстарында техникалық ақаулар, қаржы есептерінде қателіктер, оқуда студенттер мен оқушыларда қиындықтар болады. Бұл кезеңде маңызды сауда жасаудың қажеті жоқ, себебі тиімді болмауы мүмкін немесе сауда жағдайының соңында пайдасыз болып шығуы кәдік. Қарым-қатынаста да ұрыс-керіске жол бермеу керек және жылдам әрі біржақты шешім қабылдаудан бас тарту керек", - дейді астрологтар.

Олардың пікірінше, бұл жылы қарыз алуға, нақтырақ айтсақ, үлкен сомада несие алудың қажеті жоқ. "Қарызды қайтаруға мүмкіндік болғандықтан, көп ала бергіңіз келеді", - дейді мамандар.

Сонымен қатар, адамдардың осы жылы "дағдарыс" сөзін көп еститін болатынын ескертеді.

"Дағдарыс кезінде адамның әлсіздіктері көрінеді, сонысымен де жақсы. Бірақ адам үйлесімді болса, онда ол "тағдырдың тәлкектерінен" оңай шығады және барлық мәселеде үстем бола түседі. Дағдарыс бізді өмірге басқаша қарауды, құныдылқтарды қайта бір саралауды, бұл өмірде мәңгілің ештеңенің жоқ екенін - бәрінің уақытша екенін түсінуді үйретеді", - делінген мәтінде. Астрологтар адамдарға "дағдарыс" сөзін "жаңа өмір" деген терминмен алмастыруға кеңес береді. 

"Өткен күнге орала бермей, болашақтан қорықпау өте маңызды. "өткен мен кеткеннің арасында сәт қана барын және сол сәттің өмір екенін" түсіну" маңызды", - дейді олар.

Авторалар "дағдарыс ауруына" шалдықпау үшін, пессимистермен араласпауға және жаңалықтарды тыңдамауға шақырады. 

Бірақ дағдарысты елемей қоймау керек екені де ескертілді - түрлі жағдай болуы мүмкін, тіпті келеңсіз жағдайларға тап болу қаупі бар. Жұлдызшылар адамдарға өз ойында ең жаман күнді елестетіп, одан өтіп кетуге кеңес берді.

Астрологтың жеке сайтындағы мәліметке қарағанда, Рами Блект - көптеген саяси көшбасшылардың, ірі қоғам қайраткерлерінің және белгілі кәсіпкерлердің тәуелсіз тәлімгер-кеңесшісі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети