Алматыда атасы аяусыз ұрып тастаған баланың анасы өзін және үш баласын туыстарынан қорғауды көптен бері сұрап жүр. Әйел адамның сөзінше, ол пәтер алуға ақшасы жетпейтіндіктен қатыгез ата-анасымен бірге тұруға мәжбүр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Алматыда атасы аяусыз ұрып тастаған баланың анасы өзін және үш баласын туыстарынан қорғауды көптен бері сұрап жүр. Әйел адамның сөзінше, ол пәтер алуға ақшасы жетпейтіндіктен қатыгез ата-анасымен бірге тұруға мәжбүр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Светлана ажырасқаннан кейін үш баласын алып, өзінің ата-анасының үйіне көшіп келген. Еріктілердің сөзінше, атасы немерелерін осылай жиі жазалап тұрады екен. Әйел адам бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазып, көмек сұрап тұрады. Оның айтуынша, бөлек шығуы үшін ақша қажет.
"Атасы мен апасы ұрады. Анасы оны және балаларын өзінің ата-анасынан қорғағанын сұрайды, себебі балаларды жиі ұрып тұрады. Оған тек дағдарыс орталығы көмектеседі. Әйел адам оның балаларына қол көтерген адамдар жазалануын қалайды. Билік әрекет етіп, бұл мәселені қолға алады деп үміттенеміз", - дейді "Добро.KZ" еріктілер тобының жетекшісі Адэма Сұлтанова.
Сонымен қатар, бұл мәселені "НеМолчи" қоры да қолға алған. Бұл жағдай қызу талқыға түсті. Іске қорғаншылық органдары мен полиция араласқаннан кейін шалдың тағдырын сот шешеді. Оған нақты жаза тағайындалуы мүмкін, 10 тәулікке дейін қамауға алынады.
Еске салайық, кеше Алматыда егде жастағы ер адам мектепте оқитын немересін ұрып-соққаны туралы видео пайда болды.
Видео кадрларынан қарияның төсекте жатқан баланы аяғымен теуіп, ұрып-соққанын көруге болады. Кішкентай бала бетін қолымен жауып, жан ұшыра көмекке шақырғаны көрінеді. Бірақ, ер адам ұрып-соғуын сонда да жалғастырады. Олардан бөлек жандарында жасөспірім мен кішкене бала бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!