Атырауда балықшылар салмағы 100 келі, ұзындығы 2 метр бекіре ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда балықшылар салмағы 100 келі, ұзындығы 2 метр бекіре ұстады

Атырауда балықшылар 100 келілік бекірені ауға түсірді, деп хабарлады "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда балықшылар 100 келілік бекірені ауға түсірді, деп хабарлады "Хабар 24".

Телеарнаның хабарлауынша, Атырау бекіре шабақтарын өсіру зауыты үшін көктемгі балық аулау маусымы сәтті басталды.

"Балық зауытының тапсырысымен жұмыс істейтін өндірістік кооператив балықшылары салмағы 100 келі, ұзындығы 2 метр болатын алып бекіре ұстады. Бұл бағалы балық бекіренің қорытпа деген түрі. Зауыттар енді  бұл су жәндігінің ұрығын алып, арнайы зертханада көбейтуді көздеп отыр. Соңғы 15 жылдан бері тұқымы сиреп кеткен бекіре тектес балықтарды аулауға мүлде тыйым салынған", - деп хабарлады тілші.

Айта кетейік, қазір тек ғылыми-селекциялық бағытта аз көлемде ғана аулауға рұқсат етіледі. Бағалы балық қорын толықтыруға атсалысып жатқан Атыраудағы екі зауыт жыл сайын 7 миллион дана бекіре шабағын өсіріп, Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне жібереді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети