Душанбенің 19 жастағы тұрғыны Мунира Мирзоева The Atlas of Beauty басылымының нұсқасы бойынша әлемдегі ең әдемі әйелдердің қатарына кірді, - деп хабарлайды Радио Озоди.
Душанбенің 19 жастағы тұрғыны Мунира Мирзоева The Atlas of Beauty басылымының нұсқасы бойынша әлемдегі ең әдемі әйелдердің қатарына кірді, - деп хабарлайды Радио Озоди.
The Atlas of Beauty интернет жобасын румыниялық фотограф Михаэла Норок ашқан, ол әлемді шарлап әдемі қыздарды суретке түсірумен айналысады. Бір ай бұрын Тәжікстанға сапары кезінде ол Мунираны байқап қалған. Кейін Михаэла тәжік қызының суретін "A beautiful street cleaner in Dushanbe, Tajikistan" ("Душанбедегі сұлу аула сыпырушы, Тәжікстан") деген атаумен жүктеді.
Қыздың аула сыпырушы емес, гүл өсіруші екені кейін белгілі болды. Ол Душанбенің гүлдеріне күтім жасайды. Мунира осы еңбегі арқылы жеті адамнан тұратын отбасын асырайды.
Мектеп бітірген ол оқуын жалғасытырып, дәрігер болуды армандаған. Дегенмен отбасының жағдайы оған арманына жетуге мүмкіндік бермеді. Ол бұған қамықпайтынын айтты, Мунира үшін бастысы тыныш өмір сүріп, басқаларға қиянат жасамау. Тәжікстандық қыз нанын адал жолмен табатыны үшін мақтанатынын айтты.