Батыс Қазақстан облысында ауыл мұғалімінің TikTok-тағы видеосы ата-аналардың ашуына тиді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында ауыл мұғалімінің TikTok-тағы видеосы ата-аналардың ашуына тиді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Оқиға Бәйтерек ауданына қарысты ауылдардың бірінде болған. Ата-аналардың айтуынша, ауыл мұғалімі TikTok желісінде бейәдеп сөздер айтып, видео түсірген. Оны мектеп оқушылары да көрген.
Ауыл тұрғынының айтуынша, оның балалары Бәйтерек ауданындағы Январцев орта мектебінде оқиды. Ол балаларының үнемі әлеуметтік желіде отыратынын айтады.
"Менің қызым үнемі телефонда отырады. Қазір TikTok пайда болды. Барлығы соған видео жариялайды. Ағылшын тілі мұғалімі және оқу ісі жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі Дамир Батыржан TikTok желісіне орынсыз видео жүктеп жүр. Оның видеосында бейәдеп сөздер бар. Ол жартылай жалаңаш отырады. Видеоны шәкірттері де көреді. Менің ойымша, мұғалім балаға үлгі көрсетуі керек. Ол мұндай видеоны желіге жүктемеуі керек", - дейді ана.
Оның айтуынша, ата-аналар бұл туралы мектеп әкімшілігіне айтыпты. Алайдан одан нәтиже шықпаған.
Ал мұғалім Дамир Батыржан желіде мұндай видео жариялағанына өкінетінін атап өтті.
"Мен мұның дұрыс емес екенін түсіндім. Осылай жасағаныма өкінемін. Мен желідегі парақшамды өшіремін. Әріптестерімнен, оқушылардан кешірім сұраймын", - дейді ол.
Ал Бәйтерек ауданының білім бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин бұл видеоларды бірінші рет көріп отырғанын, бұл оқиғаға қатысты тексеріс жүргізетінін айтты.
"Мен мектепке барып, оқиғаның мән-жайын анықтаймын. Мектеп директорымен сөйлестім. Ол маған ата-аналардың бұл мәселені айтпағанын жеткізді. Мұғалім мұндай видеоларды желіге жүктемеуі керек. Жалпы ұстаздар әлеуметтік желідегі парақшасына не жүктейтінін бақылап отыруы керек. Өйткені олардың әрекетінен оқушылар үлгі алады", - дейді басшы.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!