Австралиялық боксшы нокауттан қайтыс болды

Дэвид Браун. © Davey Dynamite Browne Jnr / Facebook

Австралиялық боксшы кіші Дэвид Браун филиппиндік Карло Магалимен өткізген жекпе-жегі барысында алған жарақаттарынан көз жұмды, - деп хабарлайды Lenta.ru Sky News Australia басылымына сілтеме жасап.

Жекпе-жек 11 қыркүйек күні австралиялық Инглбернде өтті, кездесуде филиппиндік боксшы 12-раундта нокаутпен жеңді.

"Жекпе-жек аяқтала сала 28 жастағы Браун бассүйек-ми жарақатымен ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған тыныс алу аппаратын жалғап, өмірі үшін үш күн күресті, алайда кеше, 14 қыркүйек күні боксшы көз жұмды", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Браун кәсіби алаңда 25 жекпе-жек өткізген, олардың 22-нде жеңіске жетті. Өткізген кездесулерінде екі рет жеңіліп, бір рет тең түскен.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама