Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында серфингпен айналысып жүрген 13 жастағы қызға акула шабуылдады. Оқиға Сентрал Кост қаласының жағалауында 16 қазан күні болған, - деп хабарлайды Lenta.ru The Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Кирра-Бель Олссон (Kirra-Belle Olsson) жағалауға таңғы сағат 06:30 шамасында барған. Оқушы суға түске бастағанда сол аяғынан әлдененің тартып бара жатқанын сезген. "Ол өзінің достарының бірі екен деп ойлап, айқайлап, көмек шақыра бастайды. Сол кезде дауыстан үріккен акула оны жібере салды", - дейді қыздың әкесі. Оның айтуынша, Олссонды жарақаттан гидрокостюмы құтқарып қалыпты.
Оқушының достары оған жағалауға шығуға көмектесіп, алғашқы медициналық жәрдем жасады. Бұдан кейін Олссон жергілікті ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер одан бірнеше дене жарақатын анықтаса да оқушы күліп-ойнап, әзілдеумен болған.
9news.com.au порталының мәліметі бойынша, оқушыға шабуылдаған акуланың ұзындығы - бір метр. Жағалау құтқарушылары демалушыларға суға түспеуге кеңес беріпті.
Олссон алдағы уақытта серфинг бойынша жастар арасындағы австралиялық чемпионатқа дайындығын қайтадан бастауға ниетті. Айта кетейік, оқушы бұған дейін екі мәрте чемпион болған.