Автобустың аялдамада ұзақ тұрып алуымен қалай күресеміз?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Автобус жүргізушілеріне аялдамада әдеттегі уақытынан ұзақ тұруға рұқсат етілмеген. Бұл туралы "Алматы қаласының көлік холдингі" ЖШС өкілдері айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Автобус жүргізушілеріне аялдамада әдеттегі уақытынан ұзақ тұруға рұқсат етілмеген. Бұл туралы "Алматы қаласының көлік холдингі" ЖШС өкілдері айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Автобустардың аралық аялдамаларда тұру уақыты 1- 2 минуттан аспауы керектігі хабарланып отыр. Бұл жолаушыларды қауіпсіз мінгізіп-түсіруге бөлінген уақыт.  

Егер жүргізуші кестесінен ауытқып кетсе, "Көлік холдингінің" диспетчері уақытты түзеу туралы нұсқау беруі мүмкін. Жүргізуші мен диспетчер арасындағы дыбыстық байланыс қоғамдық көлікте орналасқан "жүргізушінің көмекшісі" жүйесі арқылы жүргізіледі. 

"Диспетчер бағыт бойынша жүріп келе жатқан автобустың кестеден алға шығып кеткенін немесе кешігіп келе жатқанын көреді. Сондықтан ол жүргізушіге жүру немесе аялдамада күту туралы нұсқау жасайды. Басқа жағдайда жүргізуші қозғалыс интервалын қатаң ұстануы міндет, яғни, аялдамада себепсіз тұра бере алмайды", - дейді холдингтің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Егер автобус алдамада ұзақ тұрып қалса, жүргізуші дсипетчерден күту туралы нұсқау алды ма, әлде өз бетінше тұр ма, соны сұрауы керектігі туралы кеңес берілді. 

"Жолаушылардың пікірінше автобус аялдамада жүргізушінің еш нұсқаусыз, өз білгені бойынша тұр деген ойда болса, 397-01-97 нөміріне хабарласа алады. Интервалды сақтамау және басқа да ереже бұзу деректері Алматы әкімдігінің қоғамдық көлік басқармасына беріледі. Құзырлы орган сәйкес шешім шығарады", - деп түсіндірді ЖШС өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro