Автотұрақта кептеліп қалған көлік ерекше маневр жасады 21 ақпан 2018, 09:21
Бразилияның Санта-Катарина штатында куәгерлер көліктің ерекше маневрін видеоға түсіріп алды. Видеода автотұрақта кептеліп қалған көліктің артқы дөңгелегімен қимылдап, жолдың бойына шыққанын көруге болады.
Сондай-ақ, YouTube хостингінде жарияланған роликтің сипаттамасында видеоның 10 ақпанда түсірілгені айтылады.
Қолданушылар көлік құралында осындай жағдайлардан шығатын арнайы механизмнің болуы мүмкін екенін айтып отыр.